Skip to content

Адалдық алаңы сағаттары 2025 жылдың 29 қаңтар күні Әлкей Марғұлан…

Адалдық алаңы сағаттары

2025 жылдың 29 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің 7,8,9,10 сынып оқушыларымен Астана қаласы Сарыарқа ауданы жедел іздестіру қызметі полиция капитаны Н.Таңатаров және Көктал шағын ауданының учаскелік инспекторы Д.Бимжановтың қатысуымен кездесу жиыны өтті. Аталған кездесуде оқушыларға жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша ақпараттар берілді, атап айтар болсақ әлеуметтік желі бойынша күмәнді жұмыстарға алданып қалу, онлайн алаяқтық, түнгі мезгілде жүру, буллинг, электронды темекі, оқушылар арасында бір-біріне стикер жасап мазақ ету, қауіпті әлеуметтік желі ойындары сияқты тәртіп бұзушылықтың заң жүзінде қалай жазаға тартылатыны айтылды. Полиция қызметкерлері оқушыларға ондай нәрселерден аулақ болу керек екендігін ескертті. Сондай-ақ оқушыларға арнайы бейнероликтер ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *