Skip to content

ӘКЕЛЕР КҮНІ Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі жаңа мерекелермен толығып, 2023…

ӘКЕЛЕР КҮНІ

Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі жаңа мерекелермен толығып, 2023 жылдан бастап Үкімет басшысының қаулысымен маусым айының үшінші жексенбі «Әкелер күні» мерекесі болып бекітілген болатын.
Осы орайда, 2024 жылдың 12 маусым күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Әкелер күні» мерекесі аясында 1-9 сынып оқушыларының әкелері арасында волейболдан жарыс болып өтті.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды ілгерілету, отбасы институтын нығату, сондай-ақ әкелер институтын дамыту. Бала тәрбиесіндегі әкелер рөлінің маңыздылығын арттыру.
Аталған шараға 10 әке қатысып, сайыс қорытындысымен жүлделі орындар мен арнайы дипломдар табысталды.
«Әке – отбасының асыраушысы, басты тірегі, қамқоршысы. Бұл күн – асқар тау әкелерді ардақтайтын, отбасы құндылықтарын ұлықтайтын ұлағатты мерекеге айналады деп сенеміз»
#zhazgydemalys2024
#bilimastana
@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq
@k.sengazyyev_official

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *