Skip to content

ӘКЕЛЕР ОТЫРЫСЫ 2023 жылдың 22 желтоқсан күні мектебімізде «Әке шаңырағы…

ӘКЕЛЕР ОТЫРЫСЫ

2023 жылдың 22 желтоқсан күні мектебімізде «Әке шаңырағы – теңдесі жоқ өмір мектебі» атты 1 сынып пен 7 сыныптар әкелері арасындағы отырыс болып өтті. Мақсаты: Мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым-қатынасын нығайту, Отбасының қарым-қатынасындағы сенімділікті және сыйластықты қалыптастыру, Бала тәрбиесінде Әкенiң рөлі ерекше екендігін түсіндіру. «Ана – сая болар бағын болса, Әке – асқар тауың» деген халық сөзінен бастау алды. Ұстаздарымыз әкелердің балаларын қаншалықты деңгейде білетіндерін қызықты сұрақтар қою арқылы білді. Мәселен, балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді, кеше қандай баға алды, парталас көршісі кім? Деген сынды сұрақтар қойылды. Отырысқа қатысқан әкелерімізді айта кетсек, 1 «Б» сыныбынан Макышев Ауезхан Сакенович, 1 «А» сыныбынан Нуркамов Алтынбек, 1 «В» сыныбынан Тлеков Нұрлан, 1 «Г» сыныбынан Анай Жанабил, 1 «Е» сыныбынан Журкаев Сабит Божбанбаевич, 7 «Б» сыныбынан Оспанов Сержан, 7 «Г» сыныбынан Көкен Мұратбек, 7 «Ж» сыныбынан Ермаханов Бақытжан қатысты. Сондай-ақ белсенді әкелеріміз өз ұсыныстарын айта кетті. Ер мінезділікке тәрбиелейтін ойындар өткізу, спорттық ойындар, балаларды ипподромға апару. 7 «Б» сыныбының әкесі Оспанов Сержан әр жұма сайын келіп сыныппен бір іс – шара өткізе аламын деген ұсыныс айтты. «Тазалық табалдырықтан басталады» демекші, отырыс соңында әкелеріміз балаларына үлгі болу ретінде мектеп алдының қарын күреп атсалысты. Әкелерімізге алғыс айтамыз! Іс-шараны өткізген: бастауыш пәні мұғалімі: Омарова Ғалия Бастиевна мен Тарих пәні мұғалімі: Нургалиева Перизат Ержановна

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *