Алақай жазғы мектеп!
Бүлдіршіндер «Балақайлар мектебіне »  алғашқы қадамын жасады.
Жазғы кезеңінде мектепалды даярлықпен қамтылмаған балалар үшін ата – аналардың қажеттілігі ескеріліп, «Әлкей Марғұлан» атындағы № 40 мектеп –лицейі  мектепалды даярлықтың қысқа мерзімді бағдарламасы іске асырылды «Балақайлар мектебінің » ашылуы салтанатты түрде өтті. Бағдарламаның мақсаты – балаларды бастауыш мектепте оқуғға дайындау, мекепке беймдеу, баланың оқуға ынтасын қалыптастыру,  сөйлеу тлі байлығын дамыту.  Баланың білім алуға деген қызығушылығы мен қалауын, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауын дамыту.
Бұл ата- аналар , болашақ оқушылар  үшін де таптырмас  мүмкіндік.
Астана  қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы МКҚК  екі  бағдарлама ұсынды.
Бұл бағдарламалар:
➢ Әдістемелік орталық бағдарламасы
➢ Балаларды ерте дамыту институтының бағдарламасы
Біз  Балаларды ерте дамыту институтыының бағдарламасын таңдап,  өз жұмысымызды бастадық.
Бүгін ата аналарды балалармен шақырып бағдарламамен таныстырылды. Ата -аналар  балаларының білімін шыңдайтынына сеніммен қарады.
Ашылу салтанатында балалармен ойындар, билер, әндер, тақпақтар ұйымдастырылды.  Балалар  өз өнерін көрсетіп, ата -аналар тамашалап,  белсенді  қатысты. Болашақ оқушыларымыздың білімі арта берсін!
