«ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕТІН ИДЕЯЛАР»
2022 жылдың 22 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту орталығы КММ ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент – Елбасының кітапханасында «Әлемді өзгертетін идеялар» атты қалалық ғылыми жобалар байқауы өткізілді. Байқау ережесіне сай мектебіміздің оқушылары Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау» экология және Архитектура. Құрылыс бағыттары бойынша жасалған жобаларын қорғады. Байқау нәтежиесі бойынша қоршаған орта экология бағытына өз жобаларын ұсынған 8 сынып оқушылары Шаяхмет Аружан жүлделі І орынды, ал Есенбек Салтанат ІІ орын иеленді. Жетекшісі Қайрат Сиражиденұлы. Архитектура.Құрылыс бағыты бойынша 11 сынып оқушылары Мейрамұлы Ерсайын мен Абишева Жансая жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі Бодраков Мұқаш. Жеңімпаз оқушыларымызды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!🥇🥈