Skip to content

ӘЛЕМНІҢ АСЫЛ ЖАНДАРЫ 🔸2023 жылдың 09 наурыз күні Әлкей Марғұлан…

ӘЛЕМНІҢ АСЫЛ ЖАНДАРЫ

🔸2023 жылдың 09 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейі 10 сынып оқушылары 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектеп ұстаздарына «Әлемнің асыл жандары» атты мерекелік концерт өткізді.

🔸Іс-шарада оқушылар өз өнерлерін көпшілікке ұсынды, атап айтар болсақ: домбырамен күй тартып, ән айтып, би де биледі, сондай ақ, барша оқушылар атынан мұғалімдерге деген ізгі тілектерін білдіріп, халық әні «Құдаша» қойылымын кереметтей сомдады.

🔸Тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?! – дей келе 10 «Б» сынып оқушылары «Бақыт» әнін орындады. Сонымен қатар, Мизанбаева Сымбат қоңыр үнге толы сазсырнайда ойнады. Кеш соңы мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Найманбаева Жұлдыз Балғабайқызының құттықтауы мен оқушыларға деген алғысымен қорытындыланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *