Skip to content

АЛҒЫС АЙТАМЫН Бүгін 2019 жылдың 1 наурыз күні Әлкей Марғұлан…

АЛҒЫС АЙТАМЫН
Бүгін 2019 жылдың 1 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде көктемнің алғашқы мерекесі "Алғыс айту" күніне орай іс-шаралар өткізілді. Мерекенің бастауы мектебіміздің "ЖасҰлан" оқушылар ұйымының ұйымдастыруымен "Алғыс айтамын" атты акциясымен бастау алды. Акцияда мектеп ұстаздарына мерекелік көңіл күй сыйлайтын арнайы жасалған қорапшадағы тәттілер таратылды, осылайша ұстаздарға деген тәтті тілектерін жеткізді. Білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымына өздерінің ыстық лебіздерімен шынайы алғыстарын білдірді. Сонымен қатар мерекеге орай құттықтау бейне ролигін түсіріп мерекелік көңіл күй сыйлады. Мектебіміздің белсенді оқушылары осы мерекелік акция аясында "Менің анама алғыс" атты оқушылар арасында қызықты бейнебаян жүргізді. Бұл бейнебаянда оқушылар өздерінің аналарын ұялы телефон арқылы мерекемен құттықтап, алғыстарын айтты.
Мерекелік шарамыз №3 өнер мектебі жетекшілік ететін мектебіміздің домбыра үйірмесінің мерекеге арналған кешімен қорытыланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *