Әлкей Марғұлан атындағы 40 мектеп-лицейінде пандемия, шектеу шаралары кезінде орын алған білімдегі олқылықтардың орнын толтыру және білім сапасын арттыру мақсатында 2022 жылдың 26 мамыры мен 17 маусымы аралығында «Жазғы мектеп» жұмыс істеп жатыр.
Жазғы мектептің мақсаты – белсенді түрде оқушылардың білімін тереңдету. Жазғы мектепте білімді толықтыру бойынша оқу процесі мектептің бекітілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда. Жазғы мектепке 1-8 және 10 сынып оқушылары қатысып жатыр. Білім беру ұйымы сабақтардың икемді кестесін жасап,. білім беру ұйымының басшысы Жазғы мектептің жұмыс істеуі туралы бұйрығы шығарылды. Білім беру ұйымы қол жеткізілмеген оқу мақсаттарын ескере отырып, Жазғы мектептің жұмыс жоспарын жасап және оқу процесінің ұйымдастырылуын және оқушылардың оқу жетістіктерін бақылайды.