Skip to content

ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН МҰРАСЫ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ БАЙЛЫҒЫ Бүгін 2023 жылдың…

ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН МҰРАСЫ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ БАЙЛЫҒЫ

Бүгін 2023 жылдың 16 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Әлкей Марғұлан мұрасы – ұлттың рухани байлығы» тақырыбында зияткерлік турнир болып өтті. Байқау 7 кезеңнен тұрды. Байқауда жалпы 4 сынып қатысты. Байқаудың І кезеңі «Әлкей өміріндегі маңызды даталар» тақырыбында өтіп, Әлкей Марғұланның Марғұланның өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап берді. ІІ кезеңде «Әлкей Марғұлан еңбектері» Шоқантану, фольклор, филология, археология, тарих жайлы сұрақтар қойылды. ІІІ кезеңде «Әлкей Марғұлан және замандастары» Әлкей Марғұланның өмір жолында тәлім алған, қалыптасуына ықпал еткен, бірге зерттеу жұмыстарын жүргізген тұлғалар жайлы сұрақтар қойылды. ІҮ кезеңде бейнесұрақ көрсетілді. Бейнесұрақты академик Әлкей Марғұлан білім алған қасиетті қара шаңырақ Семейдегі М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің студенті Ардаққызы Жұлдыз жолдаған. Ү кезең мектептегі Әлкей Марғұлан музейінен сұрақтар қойылды. ҮІ кезең капитандар сайысы. ҮІІ кезең спич. Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша Бас жүлдені 9 «В» сыныбынан құралған «Баянауыл» тобы, жүлделі І орынды 10 «Б» сыныбынан құралған «Жас академиктер» тобы, ІІ орынды 10 «А» сыныбынан құралған «Кемеңгер» тобы, ІІІ орынды 9 «Б» сыныбынан құралған «Парасат» тобы жеңіп алды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *