АНАЛАР – КӨКТЕМНІҢ АЖАРЫ
Ұлылық пен даналықтың, өмір мен нәрдің бастауы болған, ерте көктемде әлемді құлпырта түскен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі биыл да мектебімізде ерекше сән-салтанатпен өтті. Мектеп оқушылары асыл жандарды, абзал аналарды, аяулы апа-қарындастарды мерекемен құттықтай отырып, ән мен күйден, өлең мен жырдан шашу шашты. Кеш оқушыларымыздың әйелдер қауымына арналған өлең шумақтарынан бастау алды. Кеште Нұрәлі Нұрдәулеттің орындауында «Ана» әні орындалып, домбыра шертілді. Кеш соңы аналардың құрметіне көңіл сырын шерткен хор ұжымынан «Анаға арналған әнімен» қорытындыланды.