“ӘР ӨЛЕҢІ – БІР ӘЛЕМ” АТТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
2024 жылдың 12 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде кітапхана меңгерушісі Г.Айдаболова ұйымдастыруымен М.Мақатаевтың туған күніне орай «Әр өлеңі – бір әлем» атты ақынды еске алуға арналған кеш өтті. Кеш Мұқағали Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін танытып, түсіндіріп, сезіндіріп, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну мақсатында өткізілді. Кеште мектебіміздің 3 сынып оқушылары ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Мазмұнды кеш қыран тағдырлы ақынның өмір жолы бейнеленген бейне үзіндімен басталып, тұнық өлеңдерін ақын ізбасарлары болып келе жатқан балаларымыз жатқа айтып, мәнді естеліктер тыңдалды. Кеш нәтижесі бойынша жүлделі І орынды 3 «Б» сынып оқушысы Арғынбай Нұрсұлтан, ІІ орынды 3 «Г» сынып оқушысы Мусина Медина, ІІІ орынды 3 «Е» сынып оқушысы Абдураймова Ақниет марапатталды. 5 сынып оқушылары арасында үздік оқушыларға алғыс хаттар берілді. Кеш соңында ақын сөзіне жазылған әндерді шырқаумен қорытындыланды. Қазақтың маңдайына біткен кербез ақын – Мұқағали Мақатаев жырлары осындай жеңімпаздар барда мәңгі жасай бермек!