📚 Ардагер ұстаз – даналықтың қайнар көзі 🌟
2025 жылдың 3 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде өмірін білім мен тәрбие ісіне арнаған ардагер ұстаздармен «Ардагер ұстаз – даналықтың қайнар көзі»атты тағылымды кездесу өтті.
Кездесу барысында ардагер ұстаздар жас мамандармен ұстаздық жолдың мәні мен маңызын, шәкірт тәрбиелеудегі жауапкершілікті терең түсіндірді. Ардагер ұстаздар жас педагогтарға өз кәсібін сүю, әр баланың жүрегіне жол табу, үнемі ізденіс пен жаңашылдыққа ұмтылудың маңызын айтып, ақ баталарын берді. Мұндай кездесулер – жас ұстаздар үшін рухани азық, кәсіби бағыт пен шабыттың бастауы.
Ұрпақ сабақтастығының көрінісі болған бұл іс-шара болашақ педагогтардың бойына ұстаздықтың қадір-қасиетін сіңіруде үлкен рөл атқарды.
#АрдагерҰстаз
#ДаналықКөзі
#ҰстазМерейі
#ЖасМаман
#ҰстаздықЖол
