АРДЫҢ ІСІ – АДАЛДЫҚ
Адал ұрпақ тәрбиелеу – әр кез маңыздылығын жоғалтпаған құндылықтың бірі. Сондықтан да елімізге адал қызмет ету – болашақ ұрпақ қолында. Мысалы, ақ параққа жазуды қалай салсаң, солай түседі. Бала тәрбиесі де осыған ұқсас. Бүгінде мектептерде осы қағиданы ескеріп, оқушылардың бойына әділдік, адалдық қасиеттерін қалыптастыру үшін түрлі жобалар ұйымдастырылып жатыр. Мұндай жобалардың бірі біздің Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде де бар. Соның бірі – «Адал ұрпақ» еріктілер клубы.
Аталмыш жоба аясында 2018 жылдан бастап «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылған болатын. Қазіргі таңда клуб мектеп оқушылары арасында нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Атап айтар болсақ, қыркүйек айында оқушыларға жалпы мектепішілік «Адалдық сағаты» аясында «Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Онда «Адалдық – ардың ісі» бейнеролигі оқушылар назарына ұсынылып, шәкірттер де ойларын ортаға салды. Мектебіміздің ұстаздар қауымымен өткен жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекетін болдырмау, оның алдын алу мақсатында арнайы баяндама тыңдалды. Мектебіміздің кіреберісіне «сенім жәшігі» қойылған, ақпараттық тақтайшамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары орналастырылған. Ал дәлізде «Адалдық дүкені» өз жұмысын жүргізді. «Адалдық дүкенінің» ерекшелігі – оқушылар дәлізде сатушысы жоқ дүкеннен қалаған затын алып, ақшасын арнайы жәшікке салып отыруында. «Адал дүкен» сөресіне оқушылардың қолөнер бұйымдары, қалам, дәптер, арнайы әзірленген блокнот, қажетті құрал-жабдықтар және т. б. қойылды.
Шәкірттерімізді шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында келесі атқарылған жұмыстың бірі – мектеп дәлізіне «Адал кітапхана» сөрелерінің қойылуы. Ерекше жобада балаларға арналған ертегі, қызықты әңгімелер, өлең жинақтары көрініс тапты. Оқушыларымыз өз талғамына сай кітаптарды оқып, кейін қайтадан сөреге қоюға дағдыланды. Сондай-ақ «Адал кітапхана» жұмысында олар өздері оқыған кітаптарын әкеліп, өзге оқушылармен бөлісіп отырды. Оқушылар тек мектепішілік емес, сонымен қатар аудандық, қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдармен бірлесе атқарылатын конкурстарға, акцияларға, өзге де шараларға белсене атсалысады. Жалғасы👉
