АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЛАГЕРЬ
Бүгін 2024 жылдың 07 маусым күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде археологиялық лагерь аясында Астана қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицейі оқушылары үшін музей меңгерушісі Сәуле Жұмабекқызы музейге экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында оқушылар түрлі сауалдар қойып, тарих туралы ақпараттарға қанықты. Бұл экскурсияны өткізудегі басты мақсат – мемориальдық музей арқылы жас ұрпақтың бойында академик Әлкей Марғұланның өмірі мен шығармашылық қызметін насихаттап, рухани-ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Экскурсия барысында музей меңгерушісі Сауле Жұмабекқызы музей құндылығы мен ерекшеліктері, мұражай жұмысының негізгі бағыттары, «Әлкей Марғұлан ізімен» атты туристік-өлкетану экспедициясының жүргізілуімен таныстырып өтті. Сондай-ақ музейдің ашылу тарихы, жәдігерлерді жинақтау жұмыстары туралы да айтып өтті. Мектебіміздің оқушылары да қатысып, ғалым туралы оқыған, білген ақпараттарымен бөлісіп, ойларын ортаға салды.
#3junezhazgydemalys
#zhazgydemalys2024
#bilimastana
#бірыңғайтәрбие