АРТЫҚ БІЛІМ КІТАПТА…
Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп – лицейі кітапханасында «Артық білім кітапта…» ағарту апталығына орай, «Ашық кітапхана» ашық алаңы іс – шарасы өткізілді. Ашық алаңға 9 «Д», 8 «Ж», 11 «Ә» сынып оқушылары атап айтқанда: Жансерікқызы Сағыныш, Пишпекова Айханым, Мусаипова Айсана, Абдужалил Асылай және Мұса Дархан қатысты. Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы дей келе кітап жайындағы ұлы ойшылдардың мағыналы сөздерін оқи отырып оқушылар кітап жайында өз ойларын ортаға салды және өздері оқыған кітаптарымен бөлісті.