АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Бүгін 2019 жылдың 16 қараша күні мектебіміздің 5 ші сынып ата-аналарына арналған ашық есік күні болып өтті. Ашық есік күнінің мақсаты ата-аналарға оқушының сабақ үлгерімі, тәртібі жөнінде ақпарат алуға, оқушыға сабақ беретін пән мұғалімдерінен сұхбаттасуға мүмкіндік жасау болды. Таңертенгі 9:00 де басталған ашық есік күніне ата-аналар белсенділік танытып қатысты. Ата-аналар өздерін алаңдататын сұрақтарын пән мұғалімдеріне қойды. Мектебімізде ата-анамен ынтымақтастықты дамыту, оқушылардың сабақ үлгерімін ата-аналармен бірлесе отырып көтеруге арналған ашық есік күні алдағы уақыттада қалған сыныптар үшін жалғасын табатын болады.
