ӘСКЕРИ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ 2019 жылдың 26 сәуір күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 2002-2003 жылы туылған ұл балдарға әскери куәлік табыстау рәсімі өтті. Аталған шараға мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары қатысты.Куәлік беру рәсімін директордың ақпараттық істері жөніндегі орынбасры А. Қалдыбекқызы жүргізіп болашақта елін,жерін қорғайтын намысшыл ер азамат болып қалыптасуларына сенімділігін білдіріп құттықтау сөзін арнады. Салтанатты іс-шара мектеп өнерпаздарының концертімен қорытындыланды.
