ӘСКЕРИ-ТАРИХИ МҰРАЖАЙҒА САЯХАТ
Әлкей Марғұлан атындағы 40 мектеп-лицейі балалар жылы және оқушылардың күзгі демалысын қызықты өткізу мақсатында Рита Мұхтарқызы сынып жетекшілік еткен 8 «Ж» сынып оқушылары Әскери-тарихи мұражай ғимаратына саяхат жасады. Оқушылар мұражайдың құрылымдық және сәулеттік келбетін өз экспозицияларымен толықтыратын бірегей залдармен танысты. Мұражайда ҚР Қарулы Күштерінің залы, Мерзімді көрмелер залы, XIX ғасыр “ежелгі” залы, XX ғасыр әскери тарихы залы, XX – XXI ғасыр қару-жарақ залы, Бейнелеу өнері залы, сондай-ақ “Қазақстан әскери ісінің тарихы” атриумын тамашалады. ҚР Әскери-тарихи мұражайы ғимаратының әр залында ұйымдастырушылар техникалық құралдардың көмегімен қайта жасай алатын ежелгі немесе шынайы тарих рухы бар ескерткіштермен таныстырылды. Музейді саяхаттау барысында оқушылар мұражай ғимараттарын көріп, таңқаларлықтай естеліктер алды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қалыптасуына арналған стендтердің айналы төсемдері осы күштердің дамуына зор үлес қосқандарды бейнелейді. Әскери-тарихи мұражай Қазақстан Республикасының бұрынғы Президенттік мәдениет орталығының ғимаратында орналасқан.