Құжаттарды қабылдау уақыты: 2025 жылдың 10-18 маусым аралығында;
дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-18:00 (үзіліс 13:00-14:00);
құжаттарды қабылдаудың соңғы күні 18.06.2025 жыл
Конкурстың болатын күні: 23.06.2025 жыл, сағат 11:00-де, 322-кабинет
- Әлеуметтік педагог бос лауазымына– 1 бірлік тұрақты (1,5 ставкаға)
Орташа еңбек ақы: 180 000-200 000 тг (ҚР БЖҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығындағы талаптарға және жүктемеге сәйкес)
Оқыту тілі– қазақ тілі.
Лауазымдық міндеттері:
- Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді мен мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.
- Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістерін, түрлерін, міндеттерін анықтайды, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдайды. Білім алушылар, тәрбиешілер, балалар мен әкімшілік органдар, ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім беру ұйымдары арасында байланыс орнатады. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, әдістерін, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу жолдарын, анықтайды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік көшірмесі);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері (диплом+ қосымшасы);
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек кітапшасының көшірмесі);
6) 075/у анықтамасы;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты НКТ (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік және бұйрығы болған жағдайда; (санаты болмаған жағдайда НКТ тест тапсырып, педагог-тағылымдамашы санатын алып келу керек);
10) Жеке кәсіби жетістектері (алғыс хат, мадақтама, диплом, жарияланымдар, авторлық жұмыс және сертификаттар, оқушылардың жетістіктері);
11) Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі. «Дипломмен ауылға!», «Серпін» мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог;
12) Алдынғы жұмыс орнынан ұсыныс хат;
13) Бағалау парағы;
14) Барлық құжаттарды 10 беттік көк түсті фаил папкасында болу керек.
Мекен-жайы:
Астана қаласы
Сарыарқа ауданы
Көктал тұрғын алабы
Д.Бабатайұлы көшесі, 26
т/факс (7172) 501-669
Электрондық пошта: mail@40mektep.edu.kz
Педагогтерді жұмысқа қабылдау» модуліне сілтеме:
http://hr-nobd.iac.kz (осы сілтеме бойыша барлық құжаттарды тізім бойынша жүктеу керек)