Астана қаласы әкімдігінің «Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицей» КММ, ҚР БЖҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес педагогтің уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсын 2025 жылдың 11-19 наурыз аралығында жариялайды.
Құжаттарды қабылдау уақыты: 2025 жылдың 11-19 наурыз аралығында;
дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-18:00 (үзіліс 13:00-14:00);
құжаттарды қабылдаудың соңғы күні -19.03.2025 жыл.
Конкурстың болатын күні: 31.03.2025 жыл, сағат 15:00-де, 322-кабинет
- Педагог-логопед бос лауазымына– 1 бірлік уақытша
Орташа еңбек ақы: 135 000 -137 000 тг (ҚР БЖҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығындағы талаптарға және жүктемеге сәйкес)
Оқыту тілі– қазақ тілі.
Лауазымдық міндеттері:
- Мүмкіндігі шектеулі балалармен және жасөспірімдермен түзету жұмыстарын жүзеге асырады. Тәрбиеленушілердің психикалық, физиологиялық бұзылыстарын тексеру жүргізеді, олардың құрылымы және көрініс дәрежесін анықтайды. Тәрбиешілер және басқа да мамандармен бірлесіп түзету, бұзылған қызметтерін қалпына келтіру және мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілердің әлеуметтенуіне арналған топтық және жеке жұмыстарды жүзеге асырады.
- Педагог қызметкерлерге, оқушылардың ана-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға дамуында ауытқуы бар балаларға көмек көрсетуде пайдаланатын әдіс-тәсілдерді қолдану туралы кеңес береді.
Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес оқытудың түрлі әдіс, тәсілдерін қолданады. Арнайы білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. - Компьютерлік сауаттылығы, ақпаратты-коммуникациялық құзырлығы бар. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттырады. Әдістемелік бірлестік және әдістемелік жұмыстардың басқа да түрлеріне қатысады. Қажетті құжаттарды жүргізеді. Қоғамда мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен толерантты қатынас орнатуға арналған ағарту жұмыстарын жүргізеді. Еңбекті қорғау нормалары мен тәртіптерін, қауіпсіздік техникасын және өрттен қорғауды орындайды. Оқу үрдісінде балалардың өмірлерін, денсаулықтарын және балалардың еркіндігін сақтауды қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік көшірмесі);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы+фото
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері (диплом+ қосымшасы);
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек кітапшасының көшірмесі);
6) 075/у анықтамасы;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты НКТ (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік және бұйрығы болған жағдайда; (санаты болмаған жағдайда НКТ тест тапсырып, педагог-тағылымдамашы санатын алып келу керек);
10) Жеке кәсіби жетістектері (алғыс хат, мадақтама, диплом, жарияланымдар, авторлық жұмыс және сертификаттар, оқушылардың жетістіктері);
11) Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі. «Дипломмен ауылға!», «Серпін» мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог;
12) Алдынғы жұмыс орнынан ұсыныс хат;
13) Бағалау парағы;
Мекен-жайы:
Астана қаласы
Сарыарқа ауданы
Көктал тұрғын алабы
Д.Бабатайұлы көшесі, 26
т/факс (7172) 501-669
Электрондық пошта: mail@40mektep.edu.kz
Педагогтерді жұмысқа қабылдау» модуліне сілтеме:
http://hr-nobd.iac.kz (осы сілтеме бойыша барлық құжаттарды тізім бойынша жүктеу керек)