Астана қаласы әкімдігінің «Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицей» КММ, ҚР БЖҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымдарына тағайындау конкурсын 2025 жылдың 30 қаңтар-10 ақпан аралығында жариялайды.
Құжаттарды қабылдау уақыты: 2025 жылдың 30 қаңтар-10 ақпан аралығында;
дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-18:00 (үзіліс 13:00-14:00);
құжаттарды қабылдаудың соңғы күні – 10.02.2025 жыл
1. Математика пәнінің мұғалімі -1 бірлік уақытша, 22 сағат
Орташа еңбек ақы: 200 000-300 000 тг (ҚР БЖҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығындағы талаптарға және жүктемеге сәйкес)
2. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі (ер балаларға) -1 бірлік тұрақты, 24 сағат
Орташа еңбек ақы: 200 000-300 000 тг (ҚР БЖҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығындағы талаптарға және жүктемеге сәйкес)
Оқыту тілі-қазақ тілі
Конкурстың болатын күні: 14.02.2025 жыл, сағат 15:00-де, 322-кабинет
