Астана қаласы әкімдігінің «Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицей» КММ, ҚР БЖҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес педагогтің бос лауазымдарына тағайындау конкурсын 2024 жылдың 06-18 желтоқсан күндері аралығында жариялайды.
Құжаттарды қабылдау уақыты: 2024 жылдың 06-18 желтоқсан күндері аралығында;
дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-18:00 (үзіліс 13:00-14:00);
құжаттарды қабылдаудың соңғы күні – 18.12.2024 жыл
Конкурстың болатын күні: 24 желтоқсан 2024 жыл, сағат 15:00-де, 322-кабинет
1. Әлеуметтік педагог бос лауазымына-1 бірлік тұрақты.
Орташа еңбек ақы: 180 000-200 000 тг (ҚР БЖҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығындағы талаптарға және жүктемеге сәйкес)
Оқыту тілі-қазақ тілі.
2. Орыс тілі пәнінің мұғалімі бос лауазымына- 1 бірлік тұрақты
Жүктеме: 20 сағат
Орташа еңбек ақы: 200 000-300 000 тг (ҚР БЖҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығындағы талаптарға және жүктемеге сәйкес)
Оқыту тілі- орысша
