Skip to content

Директор блогы

Уйсимбаева Сауле Амангельдиевна

Директор

Уйсимбаева Сауле Амангельдиевна 1972 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында туған, ұлты-қазақ, білімі-жоғары. 1989-1995 жылдар аралығында қазіргі Тараз қаласындағы педагогикалық институтының «Педагогика және бастаушы сыныпты оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша,ал 2007-2009 жылдары аралығында Тараз қаласындағы «Әулие ата» университетінде «Биология» мамандығы бойынша білім алды. Сауле Амангельдиевна 1995-2002 жылдар аралығында Тараз қаласындағы  №8 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі 2002-2006 жылдар аралығында Тараз қаласы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде биология пәнінің оқытушысы және жаратылыстану кафедрасының меңгерушісі  қызметін атқарды. 2006 жылдан бастап Астана қаласындағы №56 мектеп лицейінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасасары және валеология пәні мұғалімі қызметін атқарды. 2014-2015 оқу жылынан бастап директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары және биолоия пәні мұғалімі қызметін атқарып келді.

2020 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Нұр-сұлтан  қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Нұр-Сұлтан қаласы «Білім беруді жаңғырту орталығы»  ұйымдастырған қалалық дөңгелек үстелде Сауле Амангельдиевна өз тәжірбесімен бөлісіп, кәсіби шеберлігін танытты.

Сауле Амангельдиевна өз ісін жетік білетін тәжірибелі де білікті маман. Білім саласындағы қазіргі жаңашыл әдістерді өз тәжірибесіне қолдана отырып, заман талабына сай өзгерістермен бірге дамып, біліктілігін үздіксіз жетілдіріп келеді. Оған дәлел:

2016 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ филиалы «Педагогикалық шеберлік орталығы» әзірлеген Қазақстан Республикасында  орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшылары орынбасарларының  біліктілігін арттыру курсы (40сағат);

2017жылы «Билингвалды пән мұғалімі» бағдарламасы A1 A2 B1 B2 C1 деңгейдегі ағылшын курсы;

2018 жылы Нұр-сұлтан қаласы «Білім беруді жаңғырту орталығы» өткізген «Білім берудегі жаңа философиялық концептуалдық идеялар негізінде мектептегі педагогикалық жүйені басқару» курсы;

2018 жылы Нұр-сұлтан қаласы «Білім беруді жаңғырту орталығы» өткізген «Білім берудегі менеджмент» курсы;

2018 жылы Алматы қаласы Республикалық «Өрлеу» ұлттық орталығында «Управление педагогической системой в школе на основе концептуальных идей новой философии образование» курсы.

Уйсимбаева Сауле Амангельдиевна оқушылар, ата аналар мен әріптестерінің арасында беделді ұстаз. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Оқушылардың түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми сайыстарда жетістіктерге жетуіне, мұғалімдердің де біліктілік деңгейлерінің көтеріліп, кәсіби дамуларына  мектеп директорының  бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары ретінде  қосқан үлесі зор. Мектептегі Халықаралық «Global schoolars», «Chare» , «Дені сау ұрпақ тәрбиелейміз»  халықаралық  жобалары «Cisco», «Бағдарламалау негіздері» қалалық жобаларының жүргізілуінің үйлестіру қызметін атқарады. Қызметтік жылдар ішіндегі еңбегі еленіп, төмендегідей марапаттарға ие болды:

2007 жылы «Үздік ұйымдастырушы-тәрбиеші» Республикалық байқауында III орын және «Үздік ұйымдастырушы-тәрбиеші-новатор» атағы;

2017 жылы Білім және ғылым министрлігі,Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Құрмет грамотасы;

2019 жылы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты;

2019 жылы Нұр-сұлтан қаласы Білім басқармасының Құрмет грамотасы;

2020 жылы Тамыз кеңесінде тәжірибе бөліскені үшін Нұр-Сұлтан қаласы «Білім беруді жаңғырту орталығының» Алғыс хаты;

2020 жылы «Дені сау ұрпақ тәрбиелейміз» Халықаралық жобасын дамытуға белсене қатысқаны үшін Грамотасы.