АТА-АНА МЕКТЕПТІҢ ТҰРАҚТЫ СЕРІКТЕСІ
Бүгін 2022 жылдың 09 сәуір күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде «Ата-ана мектептің тұрақты серіктесі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс пленерлық, секциялық отырыс түрінде ұйымдастырылды. Пленарлық отырыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселесі бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жұлдыз Найманбаева «Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықты алдын алу. Кибербуллинг» (моббинг, буллинг) тақырыбында сөз алып, аталған тақырып бойынша ақпарат беріп, қазіргі жас буын арасында өте танымал болған кибербуллинг мәселесі бойынша ақпарат беріп өтті. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қайрат Атчибаев «Электронды темекінің зияны» тақырыбында баяндама жасады. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша мектеп психологі Лариса Мыңбаева «Z ұрпақтың тәрбиесінде нені ескеру керек?» тақырыбында бірнеше психологиялық кеңестер беріп өтті. Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша директордың бейіндік орынбасары Анизат Мұса «2021-2022 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының жетістігі» тақырыбында мектеп оқушыларының жеткен жетістіктеріне тоқталып, мектеп бойынша оқу-тәрбие жұмысының жүргізілуі бойынша есеп беріп өтті. Жиналыстың екінші кезеңі 1-4, 5-11 сыныптардың әрбір пәндер бойынша мұғалімдердің ата-аналармен жүздесіп, пікіралмасу түрінде жалғасты. Аталған секциялық отырыста пән мұғалімдері тарапынан оқушылардың білім сапасы мен сабаққа қатысуы бойынша ата-аналарға кеңінен ақпарат берілді. Жиналысқа қатысқан ата-аналар мектеп ұжымына өз алғыстарын білдіріп, ұйымдастырылған ашық есік күннің секциялық отырысына өз ризашылықтарын білдірді.