АТА-АНА МЕН БАЛА АРАСЫНДАҒЫ ТАБЫСТЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
2024 жылдың 13 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Астана қаласы әкімдігінің “Әдістемелік орталығы” МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері Кошаналиева Элеонора Қайратовнамен «Ата-ана мен бала арасындағы табысты қарым-қатынас» тақырыбында ата-аналарға арналған семинар-тренинг өткізілді. Тренинг бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіріп, отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында әдістемелік көмек көрсетілді. Іс-шара барысында ата-аналар өздеріне керекті мәліметтер алып, алғыстарын білдірді. Сондай-ақ мектеп психологтарына әдістемелік көмек көрсетілді. Мектеп психологтары мен ата-аналар Элеонора Кайратовнаға алғыс білдіреді!
#атаана
@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq
@oqu_agartu_ministrligi
@rumcdo_official
@k.sengazyyev_official