АТА-АНАЛАРҒА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
2025 жылдың 18 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы 40 мектеп-лицейде ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 9-сынып жетекшілері ұйымдастыруымен «Жақсы бала, ата-ана қуанышы» тақырыбында ата-аналарға арналған жиналыс өткізілді. Бұл жиналыс өтті. Жиналыс барысында мұғалімдер ата-аналармен бірге балалардың психологиялық дамуы, тәрбие мәселелері және ата-ананың баласына деген ықпалы туралы пікір алмасты. Мұғалімдер балалардың мінез-құлқын қалыптастыру, олардың оқу мотивациясын арттыру және мектеп өміріне белсенді қатысу туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Ата-аналармен болған әңгімеде «Баланың жақсы болмағы — ата-ананың парызы» және «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақалдар айтылды. Бұл мақалдар балалар тәрбиесінде ата-ананың маңызды рөлін айқындап, олардың баласына дұрыс тәрбие беру жауапкершілігін түсінуге көмектесті. Идеалды үлгілер мен ата-аналарға ұсыныстар ретінде аяқталмаған мақал-мәтелдерді жалғастыру тапсырмасы берілді, онда ұлттық құндылықтарды балаларға дарытатын тәрбие беру мәселесі талқыланды
Сонымен қатар, ата-аналарға бала тәрбиесінде кездесетін негізгі қиындықтар мен оларды жеңу жолдары туралы кеңестер берілді. Педагогтар әр ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі туралы айтты, және дұрыс тәрбие мен баланың психологиялық жағдайына сәйкес әрекет ету қажеттілігін атап өтті. Жиналыста «Тәрбие тал бесіктен» деген мәтел де айтылды, ол ата-ананың алғашқы тәрбиелік әсерінің маңыздылығын көрсетеді. Жиналыс соңында ата-аналар өз пікірлерін айтып, мұндай іс-шараларды жиі өткізу қажеттігін атап өтті.