Skip to content

Атқарылған жұмыстың өлшемін, еңбектің нәтижесін 2023 жылда атқарылған жұмыстар мен…

Атқарылған жұмыстың өлшемін, еңбектің нәтижесін 2023 жылда атқарылған жұмыстар мен жетістіктерге қысқаша тоқталып өткенді жөн көрдім
Мектебімізде оқуға құштар мектеп жобасы аясында "8 минуттық оқу жобасы" іске асырылды. Ата-аналарды қолдау орталығы ашылды.15 минуттық қоңырауда оқушылардың танымдық ойларын жаттықтыру мақсатында пайдалы үзіліс өткізіледі. Оқушылардан құралған Ecoteam және Ecopatrul топтары мектебімізде "таза табиғат" акциясы мен қатар түрлі жобалармен жұмыс жасауда. Сондай-ақ ата-аналарды педагогикалық тұрғыдан қолдау ретінде әкелер мектебі мен әжелер мектебі жұмыстары өткізілуде. 1,5 сынып оқушыларын Жасұлан мен жас қыран ұйымына қабылдауды желтоқсан айында өткіздік. Айта кететін болсақ, мектебімізде Ербол Ісләмұлы атындағы кабинеттің ашылуы өтті. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының аясында бірыңғай ашық есік күні әр ай сайын өткізіледі.

@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq
@oqu_agartu_ministrligi
@k.sengazyyev_official

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *