АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ОТЫРЫСЫ
2023 жылдың 22 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде ғылыми-әдістемелік кеңес болып өтті. Отырыс педагогтерге авторлық жұмыс жазу бойынша вебинардан үзінді көрсетумен бастау алды. Кеңесте қалалық деңгейде бағдарламалары тәжірибеде қарастырылған – Каиржанова Алтынай Тулеубаевна мен Мұса Анизат Сейдазымқызы өз тәжірибелерімен бөлісті. Күн тәртібі бойынша педагогтердің инновациялық – педагогикалық іс-тәжірибе материалдары мектепішінде қарастырылып, кеңес берілді. Сараптамалық кеңестің ағымдағы жылдың төртінші отырысына тарих пәнінің мұғалімі Құрманғалиев Қайыргелді Мирашұлы, бастауыш сынып мұғалімі, директордың оқу ісі орынбасары Есіл Жұмагүл Балтабайқызы, бастауыш сынып мұғалімдері: Туматаева Толеугайша Кунапияновна және Тажибаева Молдир Куатбековнаның жұмыстары ұсынылды.