Skip to content

“ӘЖЕЛЕР АЛТЫН ҚАЗЫНАМ” АТТЫ ӘЖЕЛЕР САЙЫСЫ Әз-наурыз мерекесіне орай жас…

"ӘЖЕЛЕР АЛТЫН ҚАЗЫНАМ" АТТЫ ӘЖЕЛЕР САЙЫСЫ

Әз-наурыз мерекесіне орай жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу, әже тәрбиесін үлгі ету мақсатында 2023 жылдың 16 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде «Әжелер алтын қазынам» атты әжелер сайысы болып өтті. . Әженің тәлім – тәрбиесін көріп, үйренбеген немере болмас! Сайыс өзін-өзі таныстыру, «Өнер – ағып жатқан бұлақ» өнер сайысы, «Салт дәстүрім – асыл қазынам» ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, «Ұлттық тағамдар» атты төрт кезеңнен тұрған сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі І орынды 3 «Б» сыныбы, ІІ орынды 2 «В» сыныбы, ІІІ орынды 3 «Д» сыныбы атынан қатысқан әжелеріміз иеленді. Сондай-ақ номинациялар бойынша «Шебер әже» аталымын 3 «Г» сыныбы атынан қатысқан әже, «Өнерлі әже» аталымын 3 «В» сыныбы атынан қатысқан әже, «Алғыр әже» аталымын 3 «Е» сыныбы атынан қатысқан әже, «Тапқыр әже» аталымын 3 «Ә» сыныбы атынан қатысқан әже иеленді. Сайысқа қатысқан әжелерімізге мың алғыс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *