Skip to content

ӘЖЕНІҢ СӨЗІ – АҚЫЛДЫҚ КӨЗІ 2025 жылдың 17 қаңтар күні…

ӘЖЕНІҢ СӨЗІ – АҚЫЛДЫҚ КӨЗІ

2025 жылдың 17 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 8-10 сыныптың қыздары арасында «Әженің сөзі-ақылдың көзі» тақырыбында әжелер мен қыздар арасында кездесу болып өтті. Кездесуде әжелер қыздарға бірнеше кеңестер беріп, қыздың көркі шаш демекші ұзын бұрым – көрік пен күш,
қыздар үшін ұзын шаш тек көрікті болудың амалы ғана емес, шаш әйелдің ішкі күш-қуатының деңгейін көрсететін өлшеуіш екендігін айтып, ақылдарымен бөлісті. Жайылған шаш – күш-қуатты бекер ысырап ету болып саналатының ескертті.
Қонаққа келген ұлағатты ұстаздар мектеп әжелері Аманғайша әже, Майра әже, Жұмагүл әжелеріміз қыз балаларға ақылын айтып өмірден көрген түйгендерімен бөлісті. Жалпы ұзын шаш сұлулық пен мәдиниеттің белгісі екенін айтып қыздар қауымына берілген Алланың айрықша сыйы деп қорытындылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *