Skip to content

БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ФУТБОЛ ТУРНИРІ 2025 жылдың 15 мамыр күні…

БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ФУТБОЛ ТУРНИРІ

2025 жылдың 15 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде денешынықтыру апталығы аясында және оқу жылының қорытындысы ретінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отыратын “Бақытты балалық шақ” атты футбол жарысы болып өтті. Сайысқа мектебіміздің 8-11 сыныптарынан барлығы 8 команда қатысты.
Ойын оқушыларға достықтың нышанын сипаттап, тамаша көңіл-күй сыйлады.Тартысты өткен жарыста жүлделі І орынды 10”А”, “Б” сыныбынан құралған “Құрдастар” командасы, ІІ орынды 9 “В”,” З”, сыныптарынан құралған “Достар” командасы, ІІІ орынды 9«Ж», «Ә» сыныбынан құралған “Айбын” командасы иеленді.
Жеңімпаз командалар жарыстың арнайы диплом, медальдарымен және кубокпен марапатталды. Турнирде ерекше көзге түскен ойыншыларға арнайы номинациялар табысталды!
#білімбасқармасы
#біртұтас_тәрбие
#bilimastana
@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq
@oqu_agartu_ministrligi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *