Skip to content

БАЛА ДАУЫСЫ – 2021 БАЙҚАУЫ 2021 жылдың 29-30 қазан күндері…

БАЛА ДАУЫСЫ – 2021 БАЙҚАУЫ
2021 жылдың 29-30 қазан күндері Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 1-4, 5-9 сынып оқушылары арасында «Бала дауысы-2021» байқауы өткізілді. Мектеп оқушыларының орындау шеберлігі, дауыс ырғағы, сахна мәдениеті, музыка тазалығына мән берілген байқауға 44 оқушы қатысты. Байқауда мектеп оқушылары халық әндерімен қатар заманауи әндерді орындады. Музыка пәні мұғалімдері Қуат Бекенұлы, Жанар Тыныбайқызы, Меңдібике Қайроллақызы және Айнұр Сейткалиқызы қазылық еткен байқауда 1-4 сынып оқушылары арасында 1 «Ә» сынып оқушылары дуэт болып орындау бағытында Нурхина Інжу, Нурхин Айса, жеке орындауда 1 «Г» сынып оқушысы Сейтбек Айсұлтан БАС ЖҮЛДЕНІ, 1 «Г» сынып оқушысы Тілеулес Зура, 1 «Б» сынып оқушысы Тоқтарбай Шұғыла жүлделі І орынды, 1 «В» сынып оқушысы Серикбаева Айлина, 1 «Д» сынып оқушысы Ержан Дайана жүлделі ІІ орынды, 1 «З» сынып оқушысы Салимжан Аружан, 1 «Е» сынып оқушысы Жексенбай Фархад жүлделі ІІІ орынды иеленді. 5-9 сынып оқушылары арасында 6 «Е» сынып оқушысы Жәрдембек Досмұхамет, 9 «А» сынып оқушысы Ибраева Көркем, 7 «Ә» сынып оқушысы Хайруллина Томирис жүлделі І орынды, 7 «Ә» сынып оқушысы Ибраева Жарқын ІІ орынды, 8 «А» сынып оқушысы Ислам Фатима жүлделі ІІІ орынды иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *