БАЛА ДАУЫСЫ – 2022 БАЙҚАУЫ
2022 жылдың 22 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай және балалар жылы аясында 5-8 сынып оқушылары арасында «Бала дауысы-2022» байқауы өткізілді. Мектеп оқушыларының орындау шеберлігі, дауыс ырғағы, сахна мәдениеті, музыка тазалығына мән берілді. Байқауда мектеп оқушылары халық әндерімен қатар заманауи әндерді орындады. Музыка пәні мұғалімдері Жанар Тыныбайқызы, Қайнар Қатпай қазылық еткен байқауда 5 сынып оқушылары арасында жүлделі І орынды 5 «Ж» сынып оқушысы Болат Ақмарал, ІІ орынды 5 «Ә» сынып оқушысы Авид Інжу, ІІІ орынды 5 «Е» сынып оқушысы Байзақ Мадина иеленді. 8 сынып оқушылары арасында жүлделі І орынды 8 «В» сынып оқушысы Нұрәлі Нұрдәулет, ІІ орынды 8 «Ә» сынып оқушысы Ибраева Жарқын, ІІІ орынды 8 «Ә» сынып оқушысы Хайруллина Томирис иеленді. Сондай-ақ «Бала дауысы – 2022» байқауына қатысып «Үздік орындаушы», «Бұл-бұл дауысты» номинацияларымен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!