«БАЛА ДАУЫСЫ – 2024» байқауы
Бүгін 2024 жылдың 17 қазан күні мектебімізде республика күні мерекесіне орай «Бала дауысы – 2024» талантты оқушылар байқауы өтті. Жылда мереке қарсаңында дәстүрлі түрде өтетін байқаудың мақсаты өнерлі оқушыларымызды анықтау, таланттарын шыңдау болып табылады.
Байқауға жалпы 1-4 сыныптардан 32 оқушы қатысып өз өнерлерін көрсетті.
Оқушылар байқау ережесі бойынша «Отан», «Менің Қазақстаным» «Туған жер», сияқты патриоттық бағыттағы әндерді орындады.
Байқау қорытындысы бойынша 1 сыныптар арасында жүлделі ІІІ орын Асубек Айғаным, ІІ орын Жақсылық Акнұр және Мұхтар Рабия иеленсе, жүлделі І орынды үздік дуэт Орынбай Мадина мен Жанатова Кәусар иеленді, бас жүлдені Жакенова Әсия иеленіп 1 сыныптар арасында жеңімпаз атанды. 3 сыныптар бойынша ІІІ орын Асанова Айзере , ІІ орын Тілеухан Айтолқын, І орынды Каппасова Мархаба мен Оразбай Айман иеленсе, бас жүлдені Намазай Медина иеленді. 4 сыныптар арасында 3 орынды Қасымхан Айша мен Жусупбай Аружан, ІІ орын Ержан Даяна мен Салимжан Аружан иеленсе, жүлделі І орынды үздік трио Абдураймова Ақниет, Мадет Сымбат, Хайса Фариза иеленді, ал 4 сыныптар арасында бас жүлде Нурхина Інжуға бұйырды. Байқауға қатысқан қалған оқушыларымыз да өнерлеріне сай «Үздік жас әнші», « Үміт күттіретін жас әнші», «Үздік жанды дауыс», «Әсем дауыс иесі» сияқты номинациялармен мараптталды. Өнерлі оқушыларымызды құттықтаймыз!