«Бала дауысы -2025» байқауы
Бүгін 2025 жылдың 15 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Республика күні мерекесіне орай 5-7 сынып оқушылары арасында «Бала дауысы -2025» байқауы өтті. Байқау мақсаты жас таланттарды анықтау, дарынды оқушылардың өнерлерін шыңдау, сахна мәдениетіне тәрбиелеу. Қатысушылар байқау ережесіне сай өзі таңдаған патриоттық әндерін жанды дауыста шырқап бақтарын сынады. Арасында мектеп сахнасына алғаш шығып өнерлерін көрсеткен оқушыларда болды. Ән мен жырға бөлеген байқау нәтижиесінде Бас жүлдені 6 «Б» сынып оқушысы Мамажан Амиржан иеленсе, І орынды Дарханқызы Раяна 5 «А» сыныбы және Тоқтарбай Шұғыла 5 «Б» сыныбы өзара бөлісті. Жүлделі ІІ орын Шералиев Батырхан 6 «А» сыныбы және Тоқтар Томирис 5 «Г» сыныбы және Серікбай Айзере 5 «А» сыныбы иеленсе, ІІІ орынды дуэт Избасарова Томирис және Мақсұтқызы Іңкәр 5 «З» сынып оқушылары және Байдуллаев Бекжан 7 «Ә» сынып оқушысы иеленді. Жүлделі орындардан бөлек қатысушы оқушыларға «Көрермен көзайымы», «Рухты ән», «Әсем дауыс», «Болашақ жұлдыз» сияқты номинациялар табысталды. Сондай-ақ байқауда мектебіміздің өнерлі оқушылары Темірхан Қадырәлі мен Азнабай Диас жас өнерпаздарға арнап композицияларын ұсынды. Барлық жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз!