Skip to content

БАЛА ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ 2023 жылдың 25 қараша күні,…

БАЛА ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ

2023 жылдың 25 қараша күні, Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп-лицейінде ата-аналар үшін ашық есік күні ұйымдастырылды. Мектеп ата-аналарына педагогикалық тұрғыдан колдау көрсетуді мақсат еткен шара 1-сынып әкелері арасында "Әке – тәрбие тамыры", ал 4-сынып аталары арасында "Атасыз үй батасыз" деген тақырыпта өтті. Басқосуға келген ер-азаматтар қауымына біздің педагогтар қоғамда олардың алар орны ерек екенін, шәкірттердің келешекте қайсар, өжет, намысшыл, отаншыл боп өсуіне ең алдымен әкесі тікелей ықпал ететінін айтса, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұлдыз Балғабайқызы көпті көрген аталарымыздың арқасында жас ұрпақ өткен күннен сабақ алып, бата-тілек, ақылдың арқасында келер күнге сеніммен қарайды. Сондықтан бар салмақты нәзік жандарға артпай, бала тәрбиесіне келгенде жанұя боп күш салса, қоғамымызда дәстүрлі отбасы институты да құлдырамайды. Ал жаһандану заманында бұл аса қажет дүние. Осылайша, бүгінгі жиналыста аталар қазақтың «танабау тағу» секілді ұмыт бола бастаған салт-дәстүрінен сөз қозғап, қамшы тоқу, ат ерттеу туралы айтса, әкелер қауымы да ұл-қыздарымыздың өсіп-жетілуіне өзіндік үлес қосып жүргенін мақтанышпен жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *