Skip to content

«БАЛАҚАЙЛАР МЕКТЕБІ» АТА-АНАЛАРМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ Бүгін 2023 жылдың 07 тамыз…

«БАЛАҚАЙЛАР МЕКТЕБІ» АТА-АНАЛАРМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Бүгін 2023 жылдың 07 тамыз күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Балақайлар мектебіне» келіп жүрген бүлдіршіндердің ата-аналарымен «Біз біргеміз» тақырыбында алғашқы дөңгелек үстел болып өтті. Кездесу мақсаты: ата-аналарды бүлдіршіндердің мектепке бейімделу кезеңімен таныстыру. Балалардың мектепте оқуға деген ынтасын, зияткерлік, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру, 1 сыныпта табысты бейімделуін қамтамасыз ету. Ата-аналармен ынтымақтастықты орнатуда «Көрінбейтін жіп» тренингі өтті. Тренингке ата-аналар белсене қатысты. 1 апта ішінде мектепке бейімделу барасында балалардың бойындағы өзгерістерін, қызығушылықтарын, жауапкершілікке төселуі жайлы ой-пікірлерін ортаға салды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *