БАЛАҚАЙЛАР МЕКТЕБІ
Бүгін 2023 жылдың 25 тамыз күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп лицейінде «балақайлар мектебінің» есеп беру шарасы болып өтті. Кішкентай оқушылар ата-аналарына өздерінің жетістіктерін қуана көрсетті. Балалар білім бекеттерін аралап, қызықты тапсырмаларды орындап, спорттық эстафеталардан өтті. Оқу барысында алған білімдері мен жетістіктерін ата-аналарына қуана көрсетті. Сондай-ақ бүлдіршіндердің әжесі келіп мұғалімдерге алғыс тілегін айтып кетті. Біздің болашақ бірінші сынып оқушыларын мектеп өміріне алғашқы маңызды қадамдарымен құттықтаймыз!