Skip to content

БАЛАҚАЙЛАР МЕКТЕБІ Бүгін 2024 жылдың 03 маусым күні Әлкей Марғұлан…

БАЛАҚАЙЛАР МЕКТЕБІ

Бүгін 2024 жылдың 03 маусым күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 1-сыныпқа келетін оқушылар үшін бүлдіршіндер мектебі өз жұмысын бастады. Бүлдіршіндер мектебі 03-28 маусым, 01-26 шілде және 05-23 тамыз күндері аралығында өтетін болады. Мектеп табалдырығын алғаш аттайтын оқушыларға арналған дайындықтың мақсаты: балалардың мектепте оқуға ынтасын, зияткерлік, эмоционалды-еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру, 1-сыныпта табысты бейімделуін қамтамасыз ету. «Балақайлар мектебінің» көмегімен балалар ойын түріндегі негізгі дағдыларды игеріп, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Мұндағы сабақтар жадыны, моториканы дамытуға және сөйлеуді, жазуды, сурет салуды үйретуге бағытталған.

#балақайлармектебі
#білімбасқармасы
#румцдо
@oqu_agartu_ministrligi
@bilimastana
@k.sengazyyev_official

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *