Балақайлар мектебінің 3-ші күні «Мен және менің досым» тақырыбы аясында өтті.
Бұл күннің мақсаты – балалардың достық ұғымын түсініп, бір-біріне деген сыйластық пен сенімді қарым-қатынасты дамыту. Балалар өз достары туралы әңгімелеп, бірге сурет салып, түрлі ойындар ойнады.
Топтық жұмыстар мен сергіту сәттері балалардың бірлік пен ынтымақтастықта жұмыс жасауына септігін тигізді.
Бұл күн балалардың достыққа деген көзқарасын тереңдетіп, бір-біріне деген қамқорлығын арттырды.