Skip to content

*”БАЛАЛАР ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ” қалалық байқауы* 2024 жылдың 19 қыркүйек…

*”БАЛАЛАР ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ” қалалық байқауы*

2024 жылдың 19 қыркүйек күні Астана қаласы полиция департаментінің ұйымдастыруымен “ Балалар жол қозғалысының қатысушысы” атты бейнероликтер байқауының марапаттау іс-шарасы өтті. Жалпы байқауға қала мектептерінен 300 ден аса оқушы қатысып, өз жұмыстарын ұсынған болатын. Осы аталған байқауға мектебіміздің 7”Б” сыныбының оқушысы Болат Ақмарал жетекшісі Қ.Атчибаев қатысып “Танымдық бейнеролик” номинациясымен марапатталды. Оқушыларды Астана қаласының полиция департаментінің басшысының бірінші орынбасары Эльдар Данияров марапаттап, әрқашан жол ережесін сақтап жүруге шақырды. Сондай-ақ қоғамдағы осындай үлкен мәселеге үлес қосып, қауіпсіздікті сақтауға арналған байқауға белсене қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *