Skip to content

БАЛАНЫҢ БАҚЫТЫ -ӘЛЕМ БАҚЫТЫ 2025 жылдың 02 маусым күні Әлкей…

БАЛАНЫҢ БАҚЫТЫ -ӘЛЕМ БАҚЫТЫ

2025 жылдың 02 маусым күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында мектеп жанындағы «Балдәурен», «Қайта Like»профильдік лагерьлері (математика, ағылшын тілі) «Жас қолөнер» шебер қолдар, «Бала Land»лагері, «Жасыл әлем» экологиялық лагерлері өз жұмысын бастады. Қызықты жаздың думанды күндерін әр бала сәтті өткізеді деген ойдамыз. Сондай-ақ бүгін қала мектептері арасында «Жасыл әлем» экологиялық жазғы лагерінің қатысушылары № 2,3,8,22,32,73,17,90,24,29,84,16,59,66,71,62,13,64 мектеп оқушыларымен экологиялық бағдарлау ойыны өткізілді. Оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, оқушыларды қоршаған ортасына құрметпен қарауға баулу мақсатында өткізілген жарыста қала мектептерінің 7 сынып оқушылары бас сынысты. Жарыста оқушыларға арнайы мектеп сызбасы бейнеленген карталар беріліп, жасырылған бекеттерді тауып экологиялық сұрақтарға жауап беру тапсырылды. Оқушылар жарысқа қызығушылықпен қатысып жылдамдықтарымен, білімдерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында І орын Ергешхан Нұрбақыт № 29 мектеп, ІІ орын Абдыкадыров Ибрахим №22 мектеп, ІІІ орынды Иманбек қасиет № 8 мектеп-лицейі және алайдар Ислам № 2 мектеп иеленді. Қыздар арасында І орынды Берікқали Анель № 17 мектеп, ІІ орын Серік Инайа №73 мектеп, ІІІ орынды Нысанова Гаухар №22 мектеп иеленді. Жеңімпаз қатысушыларға жарыстың арнайы дипломдарымен, медальдары табысталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

#білімбасқармасы
#біртұтас_тәрбие
#bilimastana
@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq
@oqu_agartu_ministrligi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *