БАЛАНЫҢ БАСТЫ ҰСТАЗЫ АТА-АНА
2024 жылдың 14 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығы жұмысының жоспары аясында 7-сыныптың ата-аналарымен «Баланың басты ұстазы ата-ана» тақырыбында жиналыс болып өтті. Жиналыста ана-аналарымыз бала тәрбиесіндегі құндылықтарға тоқталып, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Ата-аналар балаларының өскелең кезеңдегі құбылмалы мінездерін, эмоцияларындағы тұрақсыздықты, бала тәрбиесінде кездесіп жатқан қиыншылықтарын ортаға салып, бала тәрбиесіндегі шешу жолдарын айтып, бір-бірімен ашық пікір алмасты. Мәселен бала бойына сабырлық пен ұстамдылықты, жауапкершілік пен сыйластықты қалыптастыра отырып, білімге деген құштарлықты оятуда мектеп пен ата-ананың бірлескен жұмысы қандай болу керектігі жөнінде ой бөлісті.