Skip to content

БАЛАНЫҢ БАСТЫ ҰСТАЗЫ АТА-АНА 2024 жылдың 14 ақпан күні Әлкей…

БАЛАНЫҢ БАСТЫ ҰСТАЗЫ АТА-АНА

2024 жылдың 14 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Баланың бас ұстазы-ата-ана» тақырыбында 10-11-сынып ата-аналарымен ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шарада ата-аналар тарапынан отбасында эмоционалдық тепе- теңдіктің сақталуы, өзара көмек, түсіністік сияқты мәселелер қозғалды. Сондай-ақ ата-аналар отбасында жағымды жағдай орнату, жасөспірім есейген баламен қарым-қатынастар құрудағы практикалық дағдыларымен бөлісті. Отырыс соңын ұстаздар мен ата-аналар балаларға барынша махаббат пен қолдау көрсетейік деген оймен түйіндеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *