БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫ: МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
2025 жылдың 18 қаңтар күрі Әлкей Марғұлан атындағы 40 мектеп-лицейінде “Баланың тұлғалық дамуы: Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық” атты жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыра отырып, мектеп пен отбасы арасында тиімді модельдер іздестіру, пікір алмасу арқылы Swot талдаудың мәнін түсініп, шешу жолдарын анықтау мақсатында ұйымдастырылған жиналыста ата-аналар бес топқа бөлініп, Swot талдау жұмысын жүргізді. Жиналысты информатика пәні мұғалімі Сакеева Салтанат Сейткамзеқызы жүргізді. Өз сөзін “Dosbol Like ата-аналар” деп бастаған Салтанат Сейткамзеқызы ата-аналарға Swot талдауды жүргізбес бұрын мектептің І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар легімен таныстырып, мектептің Swot талдау жұмыстарын тыңдатты. Сөз алған директортың орынбасарлары Атчибаев Қайрат Сиражиденұлы мен Мұса Маржангүл мектепте жүргізілген жұмыстарға тоқталып, оқу-тәрбие жұмсындағы Swot талдау жасады. Әрі қарай тақырыпқа сай мектеп ата-аналары Swot талдау жұмысын әрі жалғастырды. Пікір барысында ата-аналарымыз бұл мектептің талабы мен тәртібі ерекше деген пікірлерін білдірді. Әрине, жұмыс болған жерде сын айтылмай болмайды, мәселен бейне бақылауларды көбейту, автобус тасымалдауы, мектеп асханасы сынды жұмыстарға пікірлер айтылды. Ата-аналар тарапынан тағы бір айтылған жұмыс түрі ол мектеп оқушыларының мектеп формасын толық сақталуы болды, осы тұста мектеп формасына қойылатын талаптың жоғары деңгейде орындалып жатқаны ол әр сынып жетекшінің еңбегі деген пікір айтылып, өз алғыстарын білдірді. Сондай-ақ үнемі мектепте пән мұғалімдерімен ата-аналарымыз бетпе-бет жүздесіп, тоқсан сайын толық ақпарат алу әр ата-ана үшін өте тиімді деді. Жиналыс соңында ата-аналарға бірнеше кеңестер беріліп, әрі қарайғы жұмысты күшейту үшін әр ата-ананың пікірі ескеріледі деген мектеп директоры Сауле Уйсимбаева барша ата-аналарды үнемі бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.