БАЛДӘУРЕН БАЛАЛЫҚ ШАҚ
Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп -лицейі жанындағы «Балдаурен» бастауыш сынып оқушыларына арналған жазғы сауықтыру мен демалыс лагері өз жұмысын бастады. Мектеп жанындағы «Балдәурен» демалыс лагерінің жоспары құрылып, бекітілді.
2023 жылы маусым айының 5-і мен 16-і күні аралығында «Балдаурен» лагерінде 6-10 жастағы бастауыш сынып оқушыларынан құрылған 162 оқушы бар. Барлығы 6 топ жұмыс жасауда.
Лагердың күн тәртібі бойынша
– Оқушыларды қарсы алып, топтарға бөлу
– Таңғы жаттығу
– Флешмоб үйрену
– Топта топтың атын, ұранын жаттау, топ ережесін құру
– Лагердің ашылу салтанаты
– Асфальтта сурет салу
– «Толағай» спорттық сайысы
– Қорытынды. Марапаттау кезеңдерін құрайды
Бірінші күні оқушыларды қарсы алып, лагерь ережелері мен міндеттері айтылды. Топ ережесі құрылды. Сонымен қатар топ жетекшілері оқушыларды қауіпсіздік ережелермен таныстырды. Мектеп медбикесі оқушылардың тазалығын тексеріп, пайдалы кеңестер берді. Алғашқы күні лагерьде оқушыларға арналған салтанатты ашылуы болды, сол ашылуда мектеп балдырғандары өз өнерлерін көрсетіп, топтарын таныстырды. Спортзалда оқушылар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылып, таза ауада серуендеді. Мектеп ауласында асфальтқа сурет салып, уақытты көңілді өткізді. Флешмоб билеу оқушыларға өте қызықты болды. Жақсы, көтеріңкі көңіл-күймен оралған оқушыларды, мектеп асханасы дәмді түскі аспен тамақтандырды. Асханадан келген соң, спорттық сайысқа белсене қатысып, үздік деп танылған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.#летовдопобразовании2023, #жаз_қосымшабілімберу2023, #Zhazqosymshabilim2023