“БАЛДӘУРЕН” МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ЛАГЕРЬ
Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің мектеп жанындағы лагерінің екінші күні таңертен оқушыларды күтіп алып, таңғы жаттығуларды жасадық. Оқушыларға өз топтарында қызықты ойындар ойнатып, әң айтқызып, би билетілді. Сағат 11:00-де «Ұлттық музейге» этно-мемориялық паркіне саяхат жасадық. Экскурсия жетекшісі бізді жылы қарсы алып, музей залдарын аралатып, әр бөлімнің мазмұны туралы қызықты мәліметтер берді. Оқушылар тарихи артефактілерді, көне жәдігерлерді, этнографиялық бұйымдарды, киім үлгілерін, алтын адам мүсінін және басқа да маңызды экспонаттарды тамашалады. Экскурсия өте қызықты және танымды өтті. Балалар еліміздің өткені мен мәдени байлығына ерекше қызығушылық танытты. Ұлттық музейге бару олардың рухани дамуына оң әсер етті.