“БАЛДӘУРЕН” МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ЛАГЕРЬ
Лагерьдің бесінші күні таңертеңгі бой сергіту жаттығуларымен басталып, балалардың белсенділігін арттырып, жақсы көңіл күй сыйлады. Күннің ең ерекше сәттерінің бірі – қуыршақ театрының келіп, қойылым көрсетуі болды. Бұл қойылым балаларды достыққа, қиын кезеңдерде бір-бірлеріне көмек көрсете білуге баулыды. Қойылым ортасында цирк нөмірлері көрсетіліп, соңында оқушылар би биледі .Қойылым аяқталғаннан кейін топтар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайыстар өткізілді. Күн соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс арқылы өз пікірлерін білдірді. Бұл күн оқушылардың танымын кеңейтіп, шығармашылық әлеуетін дамытуға үлкен үлес қосты.
#мектепжанындағылагерь