“БАЛДӘУРЕН” МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ЛАГЕРЬ
Лагерьдің бесінші күні таңғы жаттығу жасаумен басталды. Бүгін оқушылар Ұлттық музейге саяхат жасады. Тарихпен танысып, ұлттың рухани байлығын көзбен көріп, ерекше әсер алды. Балалар ежелгі жәдігерлерді, ұлттық мұраларды, қазақ халқының мәдениеті мен өнерін тамашалап, тарихпен терең байланыс орнатты. Музейден кейін топтар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайыстар өткізілді. Күн соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс арқылы өз пікірлерін білдірді. Бұл күн оқушылардың танымын кеңейтіп, шығармашылық әлеуетін дамытуға үлкен үлес қосты.
#мектепжанындағылагерь