“БАЛДӘУРЕН” МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ЛАГЕРЬ
Лагерьдің екінші күні табиғат аясында көңілді әнмен би билеп, таңғы жаттығу жасаумен басталды. Күніміздің ең қызықты сәті- оқушылардың “Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайына” баруы болды. Оқушылар таңғажайып оқиғаға толы достық жайлы қойылымды тамашалады. Қойылым әсем этно-стильдегі көріністер мен жүрекке жылы диалогтарға толы болды. Қойылымнан шыққан кейін балалар планетарий көрді.Балалар ғарыш әлеміне қызығушылық танытып, жұлдыздар мен ғаламшарлар туралы жаңа мағлұматтар алды. Бүгінгі күн оқушылар үшін ерекше күн болды.